Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 желтоқсан 2025

11

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды қаласындағы «Карагандинский мясокомбинат» және «Тай» шұжық цехтарында жоспардан тыс аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров орындады. Аудит барысында өндірістік цехтардың санитарлық-гигиеналық жағдайы, шикізат пен дайын өнімнің сапасы, сондай-ақ өндірісте қолданылатын технологиялық процестердің стандарттарға сәйкестігі тексерілді.

Сонымен қатар, өнімнің «Халал» сертификатына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында шикізаттың шығу тегіне, қосымша заттардың құрамына және өндірістік жабдықтардың тазалық деңгейіне ерекше көңіл бөлінді. Аудит қорытындысы бойынша екі кәсіпорын да негізгі талаптарға сәйкес екендігі анықталды, алайда кейбір ішкі процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Аудит аяқталған соң «QMDB Halal» сертификаты табысталды, бұл кәсіпорындардың өнімдері  «QMDB Halal» стандарттарына сай екенін растайды және тұтынушылар сенімін арттыруға қосымша кепілдік береді.


Бөлісу: