АЛМАТЫ ОБЛ.: ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫНДА АУДИТ
Алматы облысы бойынша «Первомайские деликатесы» және «Nur mak.ko» шұжық цехында кезекті айлық аудит жүргізілді.
Тексеру барысында өндіріс барысы, шикізаттың сапасы, өнімді сақтау және тасымалдау шарттары егжей-тегжейлі қаралды. Цехтағы жабдықтар мен құрал-жабдықтардың тазалығы, қызметкерлердің жеке гигиенасы және дайын өнімнің стандартқа сәйкестігі бағаланды. Аудит қорытындысы бойынша екеуінде де өндіріс талаптары сақталғаны расталды. Сонымен қатар, кейбір процестерді жетілдіру және шағын түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар берілді.




