ШЫМКЕНТ: ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ АУДИТ
Шымкент қаласында орналасқан шұжық цехтарында да айлық аудит жұмыстары жүргізілудле. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті өкіл Қазбек Сарыбаев пен Аружан Аралбай орындады.
Аудит барысында өндірістік процестердің тиімділігі, шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігі, дайын өнімнің сақтау және тасымалдау шарттары, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы жан-жақты бағаланды. Цехтардағы жабдықтар мен құрал-жабдықтардың тазалығы, қызметкерлердің жеке гигиенасы, өндірістік процестердің стандартқа сәйкестігі тексерілді. Қорытынды бағалау нәтижелері бойынша барлық цехтарда өндіріс талаптары сақталғаны расталды, ал кейбір процестерді жетілдіру бойынша нақты ұсынымдар берілді.
Атқарылған бақылау-қадағалау шаралары шұжық өнімдерінің сапасын тұрақты түрде қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұтынушыларға қауіпсіз және стандартқа сай өнімдер ұсынуға бағытталған.


