АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЙЛЫҚ АУДИТ
«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков өңірдегі кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. Аудит барысында құс фабрикалары, шұжық цехтары, кондитерлік кәсіпорындар, ет дүкендері, жартылай фабрикат өндіріс орындары, қасапханалар жұмысы қадағаланды.
«Аудиттің негізгі мақсаты – өндіріс орындарындағы өнімдердің халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және тұтынушыларға адал өнім ұсыну. Тексеріс кезінде шикізат пен ингредиенттерді тексеру, технологиялық процестер, қызметкерлердің біліктілігі, құжаттамалық сәйкестік секілді негізгі аспектілер назарға алынды», – дейді өкіліміз.
Аудит қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Ал тексеріс барысында анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпорындарға қажетті ұсыныстар беріліп, оларды жоюға арналған мерзімдер белгіленді. Сонымен қатар, өндіріс орындарының басшылары мен қызметкерлеріне халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.