Алматы облысындағы кәсіпорындарда аудит жүргізілді
«Халал Даму» мамандарының кезекті айлық тексерісі Алматы облысында жалғасуда. Өңірдегі тексерісті жергілікті өкіліміз Жанәбіл Жұмабеков жүргізді. «Аудит барысында ЖК «Musafi» қасапханасы, «Sigara Borek» және «Рая» жартылай фабрикат өнімдері, «OZYRT FOOD», «Малина» кондитерлік өнімдері, «Арафат», «Маки-маки» қоғамдық тамақтану орындары тексерілді. Кәсіпорындар бекітілген стандарт талаптарын толықтай сақтай отырып, өнім өндіруде.
Сонымен қатар, тексерістің оң нәтижесінен кейін «Sigara Borek» кәсіпорнына «QMDB HALAL» сертификаты табысталды және «Малина» кондитерлік цехы қызметкерлеріне оқу-семинар өткізілді», – деп хабарлайды маманымыз.