
«АДАЛ АС – ЖАН АЗЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Ақтөбе облысында «Халал Даму» орталығының технолог маманы Сақимолда Ақмаржан Ержанқызы «Адал ас – жан азығы» тақырыбында семинар өткізді. Шара «Досжан хазірет» атындағы әйелдер орталығында ұйымдастырылды.
Семинар барысында халал тағам өндірісінің негізгі талаптары, өнім құрамын анықтау жолдары, халал стандарттарының маңызы мен күнделікті өмірде адал ас тұтынудың пайдасы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан кең көлемді жауап алды.
Жиын соңында қатысушылар «Халал Даму» орталығының жұмысына жоғары баға беріп, мұндай танымдық кездесулердің жиі өтуінің маңыздылығын атап өтті.