Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 желтоқсан 2025

41

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: «KHAN GOURMET» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Khan Gourmet» шұжық және жартылай фабрикат өндірісі «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификаттау рәсіміне облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы және «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков қатысты.

Мекеменің өндіріс аумағында толыққанды аудит жүргізіліп, шикізат қабылдау кезеңінен бастап дайын өнімнің буып-түюіне дейінгі барлық технологиялық процестер тексерілді. Сарапшылар жануарларды сою, сақтау, тасымалдау, өндіріс алаңының тазалығы, қызметкерлердің санитарлық-гигиенаны сақтауы мен қосалқы ингредиенттердің құрамы секілді маңызды бағыттарға ерекше назар аударды. Барлық талаптар орындалған соң кәсіпорынға ресми түрде халал сертификаты табысталды.

Сертификат табыстау барысында облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы кәсіпорын ұжымын құттықтап, халал стандарттарының сақталуы тұтынушылар үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков өндірістің жүйелі түрде бақылауда болатынын, алдағы уақытта да жоспарлы және жоспардан тыс аудиттер жүргізілетінін жеткізді. «Khan Gourmet» өкілдері де тұтынушылар сенімін ақтау үшін сапа мен қауіпсіздік талаптарын үнемі жетілдіріп отыратынын айтты.

Бөлісу: