Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қараша 2025

21

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЗЕКТІ АУДИТ

Қызылордадағы «Magnum Cash&Carry» сауда желісінің ет және шұжық өнімдері, «Ақ Барыс», «Кзо Ет», «Нұржан» қасапханалары, «Сыр құсы» құс фабрикасы, «Ainur’s cakes» кондитерлік цехы, «Мубарак», «Mimar», «Dudu» қоғамдық тамақтану орындары тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Нұрбек Қанатұлы мен Перизат Шарапатова орындады.

Құжаттарды сәйкестендіру, өндіріс орындарындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, сондай-ақ халал стандарттарына сай жабдықтау, сақтау және өңдеу процестері жан-жақты қаралды.

Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпорын өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талаптарды түзетуге мерзім берілді. Ал стандарттарға толықтай сай кәсіпорындарға тиісті актілер толтырылып, жұмыс барысы оң бағаланды. «Халал Даму» мамандары алдағы уақытта да өңірдегі кәсіпорындармен бірлесе жұмыс істеп, халал талаптарының тұрақты түрде сақталуын бақылауды жалғастыратындарын атап өтті.

Бөлісу: