Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 желтоқсан 2025

13

Жаңалықтар

АЛМАТЫДАҒЫ ЕТ ДҮКЕНДЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ

Алматы қаласындағы ет дүкендерінде кезекті аудит жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Мирас ет», «Иманбек ет», «Асық ет», «Pro meat», «Берекелі ет», «Ет әлемі» «Әмір ет», «Фреш» ет дүкендері және «Магнум» сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдері тексерілді. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» мамандары Нұрбек Қанатұлы мен Өміржан Терлікбаев орындады.

Тексеру барысында өндіріс пен сатылымда қолданылатын шикізат құжаттары, жеткізушілердің халал сертификаттары, қойма және витрина шарттары, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы, сондай-ақ персоналдың халал стандарттары талаптарын сақтауы назарға алынды. Аудит нәтижелері бойынша бірқатар нысандарға стандарт талаптарын жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді. Ал талаптарды толық сақтаған кәсіпорындарға хаттамалар рәсімделді.


Бөлісу: