Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 желтоқсан 2025

27

Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙ: «ЛЕСНОЕ СЕЛО» СҮТ ЗАУЫТЫНДА АУДИТ

Қостанай облысы, Леснок ауылындағы «Лидер-2010» (Лесное село) сүт зауытында халал стандарты бойынша алғашқы аудит жұмыстары жүргізілуде. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Айтмұхан Мусин, Жанар Мұратқызы, Гүлмира Маратқызы, Алишер Балахмет орындады.

Аудит барысында зауыттың өндірістік желілері, шикізат пен қосымша қоспалардың құжаттары, жеткізушілердің халал талаптарына сәйкестігі, санитариялық-гигиеналық жағдайы және қызметкерлердің жұмыс тәртібі жан-жақты тексерілді.

Сонымен қатар, сүт өнімдерін өндіру үдерісіндегі тазалық шаралары, құрал-жабдықтардың бөлек қолданылуы, өндірістік аймақтардың талапқа сай бөлінуі мен дезинфекциялау тәртібі де бақылауға алынды. Алғашқы аудит нәтижелері бойынша бірқатар ұсынымдар беріліп, стандартқа сәйкестікті арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Зауыт басшылығы халал талаптарын орындау бойынша барлық ескертулерді назарға алатынын және өндіріс үдерістерін жетілдіруге дайын екенін жеткізді.


Бөлісу: