Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 шілде 2025

8

Мақалалар

АУРУХАНАДАҒЫ ТАМАҚТЫҢ ХАЛАЛ ЕКЕНДІГІН БІЛМЕЙМІЗ, ЖЕУГЕ БОЛА МА?!

Ауруханаларда тамақ таңдауға мүмкіндік бола бермейтіндіктен, ол жерде зәрулік бар. Бастысы біздің ел мұсылман елі. Мұсылман елі болғандықтан біздегі медициналық мекемелерде доңыз сияқты арам малдың еті берілмейтіндігі анық. Ал ол жерде ұсынылатын ет адал малдың еті болғанымен, шариғат талабы бойынша сойылған ба, жоқ па, деп тәптіштеп сұрауға міндеттелмегенбіз. Сондықтан да, «бисмиллә» деп жеу беру керек.

«Сахих Бұхариде» келтірілген сахих бір хадисте сахабалар Алланың елшісінен (с.а.у): «Бізге кейде біреулер ет алып келеді. Бірақ ол еттің бисмилләмен сойылғанын, не, сойылмағанын білмейміз?» - деп сұрайды. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): «Бисмилләны» айтып жей беріңдер», - деп жауап берген екен. Ханафи мәзхабы ғалымдары да тым күмәншіл болмауға шақырады. Мәселен, Имам Мұхаммед рахимаһуллаһ алдыға қойылған астың нақты арам екенін білмесе, күмәнға берілмей, жеуді кеңес еткен, әрине егер нақты арам ас екенін білсе, жемейді дейді ғұлама.

Қорыта айтқанда, ауруханаларда ас таңдауға мүмкіндік бола бермейді, оның үстіне біздің ел мұсылман елі, сондықтан да, ауруханадағы ұсынылған асты күмәнданбастан ішудің күнәсі жоқ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


Ақпарат www.islam.kz сайтынан алынды

https://islam.kz/kk/questions/arturli/auruhanada-tamaqtyn-halal-ekenin-bilmeimiz-bergen-asyn-jei-beruge-bola-ma-2412/#gsc.tab=0

Бөлісу: