Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 желтоқсан 2024

90

Мақалалар

ДОҢЫЗ ТЕРІСІНЕН ЖАСАЛҒАН СӨМКЕЛЕР

Исламда доңыздың барлық бөлігі, соның ішінде терісі, нәжіс (тазартуға келмейтін лас) болып есептеледі. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Сендерге өлексе, қан және доңыз еті – харам етілді…» (2:173)

Кейбір жануарлардың терісін илеу арқылы тазартуға болады, және оларды қолдануға рұқсат беріледі. Бірақ ғалымдардың басым көпшілігі доңыз терісін илеу арқылы тазарту мүмкін емес деп санайды, себебі ол шариғат бойынша нәжіс болып табылады. Доңыз терісінен жасалған өнімдерді анықтау оңай болмауы мүмкін, бірақ келесі әдістер арқылы бұл мәселеге жауап табуға болады:

1. Сөмкенің жапсырмасын (этикеткасын) оқу
• Сөмке немесе басқа өнімнің жапсырмасында материал туралы ақпарат жазылады. Егер құрамында «pigskin» (доңыз терісі), «porcine leather» (шошқа терісі) немесе басқа доңызға қатысты атаулар болса, ол доңыздан жасалған;
• Кейде «genuine leather» (нағыз былғары) деп жазылады, бірақ бұл нақты жануар түрін көрсетпейді. Сондықтан басқа белгілерге назар аударыңыз.

2. Доңыз терісінің ерекшеліктерін қарау
Доңыз терісі кейбір физикалық ерекшеліктерімен танымал:
• Үш нүктелі тесікшелер – доңыз терісінің бетінде ұсақ-ұсақ үш тесікшеден тұратын ерекше құрылым бар, өйткені доңыз терісінде қалың түктер болады.
• Бетінің кедір-бұдырлығы – доңыз терісі көбінесе тегіс емес және қолмен ұстағанда, кедір-бұдыр сезіледі.⠀

3. Сатушыдан сұрау
Сөмкені сатып алмас бұрын, сатушыдан оның қай жануардың терісінен жасалғанын нақтылауды сұраңыз. Сенімді дүкендерде бұл ақпарат беріледі.⠀

4. Бренд пен өндірушіні тексеру
• Кейбір брендтер доңыз терісін жиі пайдаланады. Сондықтан өнімнің бренді немесе өндірушісі туралы ақпарат іздеп, олардың қандай материалдар қолданатынын білуге болады;
• Интернеттен нақты өнім туралы іздеу жүргізіңіз. Өндірушінің ресми сайтында немесе пайдаланушылардың пікірлерінде ақпарат болуы мүмкін.

5. Маманнан кеңес алу
Егер әлі де күмәніңіз болса, терімен жұмыс істейтін мамандарға (мысалы, былғары шеберлері) сөмкенің материалы туралы сұрауға болады.⠀

6. Күмәнді болса, аулақ болыңыз
Егер нақты сенімді болу мүмкін болмаса, Пайғамбарымыздың ﷺ хадисіне сай, күмәнді нәрселерден алыс болған дұрыс: «Ақиқатында, күмәнді нәрселерден аулақ болған адам өзінің діні мен абыройын сақтайды» (Бұхари, Муслим).⠀

Қорыта айтқанда, шариғатта рұқсат етілген, таза материалдан жасалған сөмкені таңдауға кеңес береміз!





Бөлісу: