Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 қараша 2022

378

Мақалалар

Ішкен асымыз адал ма?

БҮГІНДЕ «ХАЛАЛ» ҰҒЫМЫ ХАЛЫҚ АРАСЫНДА КЕҢ ТАРАЛЫП, КӨП ҚОЛДАНЫСҚА ИЕ БОЛДЫ. ӘСІРЕСЕ, ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН КЕЙІН ДІНГЕ БЕТБҰРЫС БАСТАЛҒАН КЕЗДЕН БЕРІ КӨПТІҢ СҰРАНЫСЫ АРТҚАНЫ РАС. АЛ, АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛҒАН НЕШЕ КӘСІПОРЫН БАР? «ХАЛАЛ» ҰҒЫМЫ ҚАНДАЙ МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ? ХАЛАЛ ӨНІМДІ ТҰТЫНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ? ОНДАЙ СЕРТИФИКАТЫ ЖОҚ АС-АУҚАТТЫҢ БӘРІН «ХАРАМ» ДЕП АЙЫПТАУ ДҰРЫС ПА? КӨКЕЙДЕГІ ОСЫ ТӘРІЗДЕС СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ІЗДЕП, ХАЛАЛ ӨНДІРІСІ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕН МАМАНДАР МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРГЕН ЕДІК. БҮГІНДЕ «ХАЛАЛ» ҰҒЫМЫ ХАЛЫҚ АРАСЫНДА КЕҢ ТАРАЛЫП, КӨП ҚОЛДАНЫСҚА ИЕ БОЛДЫ. ӘСІРЕСЕ, ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН КЕЙІН ДІНГЕ БЕТБҰРЫС БАСТАЛҒАН КЕЗДЕН БЕРІ КӨПТІҢ СҰРАНЫСЫ АРТҚАНЫ РАС. АЛ, АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН АЛҒАН НЕШЕ КӘСІПОРЫН БАР? «ХАЛАЛ» ҰҒЫМЫ ҚАНДАЙ МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ? ХАЛАЛ ӨНІМДІ ТҰТЫНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ? ОНДАЙ СЕРТИФИКАТЫ ЖОҚ АС-АУҚАТТЫҢ БӘРІНЕ «ХАРАМ» ДЕП АЙЫПТАУ ДҰРЫС ПА? КӨКЕЙДЕГІ ОСЫ ТӘРІЗДЕС СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ІЗДЕП, ХАЛАЛ ӨНДІРІСІ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕН МАМАНДАР МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРГЕН ЕДІК. ӘРКІМ ПӘТУА БЕРМЕУІ КЕРЕК Бізге белгілісі, елімізде халал сертификатын беретін бірнеше мекеме бар. Қазір қай жерде де халал мейрамханалар мен кафелер көбейді. Ел тұрғындарының дені мұсылмандықты ұстанатындықтан, бұл заңды да. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Аташевтың айтуынша бұл мекеме шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысады. Қазір Атырау облысында 40-қа жуық кәсіпорын «Халал Даму» ЖШС-нің халал стандартына сәйкес сертификат алған. Ал, кейбір тағамдарға лайықты зерттеу жүргізбей-ақ, «харам» мен «халалға» бөліп қарайтындар саны көбейген. Бұрын халық алдына келген шұжықтың құрамында шошқа етінің болмағанын білсе жеткілікті еді. Кейін «халал» ұғымы көп салада қолданылатынын білдік. Әсіресе, м ұ с ы л м а н д ы қ т ы ұ с т а н а т ы н адамдардың бұл мәселеге қатты назар аударатындығын көріп жүрміз. Кімкім де асының адал болғанын қалайды. Алайда, бүгінде әр нәрседен күдік алатындардың саны артқан. Әр істің өз шегі бар, сондықтан «халал» мен «харамды» ажырату шариғи талап бойынша да, заңдық тұрғыда да қолға алынуы керек секілді. Айталық, басқа дін өкілдерінің де мұсылман асханасынан дәм татып жататынын байқаймыз. Бұл салауатты адамдарға тән әрекет болса керек. – Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта отандық және шетелдік өндірушілер шығарып жатқан халал өнімдер пайда болды. Алайда, оларды шариғат талаптарына сәйкес келеді деп айту үшін нақты дәлел қажет. Құрамында күмәнді қоспа және улы заттардың бар-жоғына зерттеу жүргізбей «халал» немесе «харам» деп шешім шығара алмаймыз. Өнімнің шығу тегі мен зияны анықталғаннан кейін ғана нақты пәтуа айтуға болады. Ал, газдалған сусындардың құрамына мән беру өте маңызды. Ароматизаторлар, тағамдық бояулар күмәнді болуы мүмкін. Өз денсаулығымыз үшін зиянды асты тұтынбаға н а б з а л . Кәсіпорындағы өнімдер туралы дөп басып айту қиын, өйткені, біз оларға зертханалық талдау жасау үшін өндірушіден тапсырыс қажет. Тұтынушылар аталған өнімдерді өндірген компаниядан халал немесе харам емес екендігі туралы ақпарат сұрауына болады. Расында, «халал» м е н « х а р а м » А л л а Т а ғ а л а н ы ң әмірімен белгіленеді. Ешбір адам өз білгенімен бұл тұрғыда шешім ш ы ғ а р а а л м а й д ы , – д е д і А й б е к Асқарбекұлы. ХАЛАЛ ТАМАҚПЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ Әр өңірде сертификатталған кәсіпорындарды жүйелі түрде қадағалау үшін бас мүфтидің бұйрығымен бақылаушы-инспекторлар тағайындалған. Оларға халал кәсіпорындардың қызметін қадағалау жүктелген. Екі тараптың келісім-шарты бойынша ешқандай ескертусіз де, алдын-ала ескертіп те тексере алады. Егер талаптар сақталмаса, ескертпе хатында көрсетілген уақытта қайта тексеру жүргізіледі. Кәсіпкер екі рет ескерту алып, қойылған талаптар орындамаса, кәсіпорыннан сертификат қайтарылып алынады. «Халал Даму» ЖШС-нің ресми сайты арқылы сертификат алған кәсіпорындардың мәртебесі мен санатын бақылап отыруға болады. Атырау облысындағы сертификат мерзімі аяқталған 5 кәсіпорын мен сертификат қызметі тоқтатылған 3 кәсіпорын жөніндегі мәліметті де сол сайттан көзіміз шалды. – Мерзімі аяқталып, сертификат қызметі тоқтатылған кәсіпорындарға біз жауап бермейміз. Тек сертификат қызметін әрі қарай жалғастыру жөнінде ұсыныс айтамыз. Олардың арасында сертификаттан бас тартып жататындары да болады. Сондықтан, олар қай жерден сертификат алып, қандай өнімдерді пайдаланып жатқандығына жауап бере алмаймыз, – деді серіктестіктің Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Дәурен Арапбек. Тұтынушылар арасында жұмыртқаға қатысты да сұрақтар туындап жатады екен. Оның айтуынша, жұмыртқаның халал болуы тауықтың қорегіне тікелей байланысты. Қазір өндірушілер экономикалық тұрғыда ұтымды болып табылатын ет-сүйек ұнын жем ретінде қолданады. Ал, тауық фабрикасының қалдықтарын ұсақтап жем ретінде қайта беру, өз етін өзі жеу шариғи тұрғыда харам болып саналғандықтан, оған рұқсат етілмейтін көрінеді. Ал, көтерме азық-түлік саудасымен айналысқанына он жылдан асқан «Несібе дистрибьюшн» ЖШС-нің директоры Қайрат Аманжолұлының айтуынша, облыс тұрғындарының соңғы жылдары халал өнімге сұранысы артқан. – Біздің компания тамақ өнімдерімен айналысады. Бірақ, халал сертификатын алған жоқпыз. Өйткені, оны алған кәсіпорындармен жұмыс істеу керек деген ұстаным жоқ. Дегемен, сұранысқа қарай халал тағамдарды жеткізуге тырысамыз. Өзім де бұрын «Халал Даму» ЖШС-де жұмыс істегендіктен, бұл тақырып маған бөтен емес. Жалпы «халал» ұғымы қазақ халқында кең мағынаға ие, көбінесе «адал» дегенді білдіреді. Ислам дінінде шошқа, жылан, шаян секілді жыртқыш және улы жәндіктердің етін жеуге рұқсат етілмейді. Арақты да осы қатарға қосамыз. «Халал» деген тек тамақпен шектелмейді. Тұрмыста қолданатын химиялық қоспалары бар шампунь, сабын секілді дүниелерде де шошқа ағзасының үлесі болуы мүмкін. Сондай-ақ, киім-кешекте де бұл ұғым қолданылады. Айталық, шошқаның терісінен жасалған киімдер болуы мүмкін. Ең бастысы, «халал» ұғымы – адамның өмір салтына байланысты. Ішкені мен жегені адал болғанымен табысы харам болса, ол да дұрыс емес. Жемқорлық, басқаның ақысын жеу, өсім арқылы тапқан пайдасы да харам болады, – дейді Қайрат Аманжолұлы. ЖАУАПКЕРШІЛІК – БАСТЫ МІНДЕТ Талап бойынша, әрбір кәсіпорынның қоймасын тексергенде қандай өнімді қолданып жатқаны анықталады. Күмәнді немесе қолдануға болмайтын өнімдер кездессе дереу ескертіліп, оның орнына басқа өнімдерді қолдануға кеңес беріледі. Ал, мемлекет тарапынан жекелеген халал сертификатын беретін мекемелер қызметіне заң жүзінде ешқандай тыйым салынбаған. – «Халал Даму» өзге сертификаттау мекемелерімен бәсекелесуді, «халал» таңбасынан пайда табуды мақсат тұтқан емес. Егер қандай да бір кәсіпорын мекеменің логотипін рұқсатсыз өзінің тауарына жапсырып қойса, ескерту жасаймыз. Оған құлақ аспаса, заң жүзінде хабарлама жіберіліп, тиісті шаралары алынады. Өзге сертификаттау органдарының қызметі мен халал таңбасын айыптап, сынамаймыз. Егер елдегі барлық халал стандарттаумен айналысатын мекемелер шариғат шеңберінде, адал қызмет атқарып жатса қуанамыз, әрине. Алайда, олардың халал стандарт талаптары, зертханасы, аудит шаралары мен сертификаттаған өнімдерінің сапасына жауап бере алмаймыз, – деді Айбек Асқарбекұлы. Елімізде халал сертификатын беретін мекемелердің көптігі, жүйеленген тәртіптің, бақылаушы органның жоқтығы «халал» таңбасын пайда көзіне айналдырып жіберуі мүмкін деген күдік те жоқ емес. Қазір халықтың «халал» мен «харам» жөнінде білімі молайып, тұтынатын өнімнің сапасына аса сақтықпен қарайды. Сондықтан, халал асқа сұраныстың артқандығын байқаған тамақтану орындары мен кәсіпорындар сол стандартқа сай жұмыс істегені жөн. 


Алмас ҚАБДОЛОВ

Бөлісу: