«ЛЕСНОЕ СЕЛО» СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қостанай облысындағы ең ірі сүт зауыттарының бірі – «Лидер-2010» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Лесное село», «Рудненский тан» секілді сауда белгілерімен танылған кәсіпорын сүт, айран, ряженка, йогурт, қаймақ, ірімшік, қымыз өнімдерін өндіреді.
Кәсіпорында өнімдердің халал стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында толық аудит өткізілді. Аудит барысында өндірістік цехтар, шикізат көздері, дайын өнімдер, сақтау және тасымалдау шарттары мұқият тексерілді. Мамандар өндіріс процесіндегі құрал-жабдықтардың тазалығын, қызметкерлердің гигиеналық талаптарды сақтауын және өнім құрамындағы ингредиенттердің халал стандарттарына сәйкес келуін қадағалады. Тексеру нәтижесінде барлық талаптар сақталғаны расталып, кәсіпорынға «QMDB Halal» сертификаты берілді. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Айта кетейік, 2010 жылы өз жұмысын бастаған кәсіпорынның дайын өнімдері Қостанай облысы, Қарағанды, Астана қалаларына жеткізіліп қана қоймай, сонымен қатар Орал, Новосибирск, Башқұртстан және Татарстан аймақтарында да танымал.







