АҚМОЛА ОБЛ.: БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақмола облысында орналасқан бірқатар кәсіпорындарға халал сертификаты табысталды. Атап айтқанда, «Ашенова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Fistashka» кондитерлік өнімдері және «Талап А» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Көкше Ет» ет өнімдері өндірісі, сондай-ақ Атбасар қаласында қызмет көрсететін «Проходенко В.В.» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Black Pizza» қоғамдық тамақтану орны ҚМДБ бекіткен халал стандарттары бойынша сертификатталды.
Қасапшы Мәткенов Жомарт Каниевичке «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» халал стандарты бойынша оқу семинарын толық аяқтағанын растайтын сертификат табысталды. Сертификаттау барысында өндіріс үдерісі, шикізаттың құрамы, сақтау және тасымалдау талаптарының сақталуы жан-жақты зерделенді. Нәтижесінде аталған мекемелердің өнімдері халал талаптарына толық сәйкес деп танылды.
Айта кетейік, халал сертификаты тұтынушыларға ұсынылатын өнімнің шариғат талаптарына сай әрі сапалы екенін айқындайды.


