Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 қыркүйек 2024

218

Мақалалар

ҚОНАҚҚА ТАМАҚ БЕРУ ӘДЕПТЕРІ

1. АСЫҒУ
Бұл қонақты күттіріп қоймау үшін жасалады. Барлығы келіп, бір адам келмесе, келгендерді күттіріп қоюға болмайды. Алайда келмеген адам кедей немесе қайғысы бар адам болса, осы ниетпен күткен жақсы болады. Хатам Әсам айтады: «Асығу - шайтаннан. Бес нәрседе олай емес: қонаққа тамақ беру, өлген адамды ертерек жерлеу, қыздарын тұрмысқа беру, қарызын қайта- жаюға асығу - ру және күнәларына тәубе жасау». Дастархан сүннет.


2. АЛДЫМЕН ЖЕМІС/КӨКЕНІС БЕРУ
Дастарханда жасыл шөптер болғаны дұрыс. Себебі дастарханда жасыл шөптер болса, хадисте «Періштелер сол жерде болады» делінген. Жақсы тағамдарды алдымен беріп, солармен тойдыру. Көп жеу үшін әуелі ірі нәрселерді жеу - көп тамақ жейтіндердің әдеті. Бұл - мәкрүһ. Кейбіреулер әркім қалағанын жеуі үшін барлық тағамдарды бірден әкелуге әдеттенген. Дастарханға қойылған тағамдарды бірден алып кетуге болмай- ды. Себебі әлі тоймағандар болуы мүмкін.

3. ТАҒАМДЫ АЗ ЕТІП ҚОЙМАУ
Әуелі ол адамдыққа жатпайды. Көп те қоймау ке- рек: онысы тәкаппарлық болады. Алайда адам қонақтан артылған нәрседен сұралмайды, ниетімен болса зияны жоқ. Ибраһим Әдхам дастарханға көп тамақ қоятын. Суфиян: «Ысырап болады деп қорықпайсың ба?» деп сұрағанда, Ибраһим Әдхам: «Тамақ беруде ысырап болмайды». Көздері дастарханда болмау үшін алдымен бала-шағаның үлесін беру керек. Себебі ештеңе қалмаса, олар қонақтарға тіл тигізеді. Бұл әдепсіз- дік болып саналады. Кейбір сопылардың әдеті секілді тамақтан кейін қонақ- тан артылған тамақтарды алып кетуі дұрыс емес. Алайда үй иесі (қонақтардан ұялғандықтан емес) шын көңілімен рұқсат берсе, алуға болады. Бір ыдыстан жеген адамның ақысына қол сұғылмау шартымен алу керек. Өзінің ақысынан артық алса, харам болады. Үй иесінің шын көңілден ризалығы болмаса алу харам, ұрлықтан айырмашылығы болмайды. Бір ыдыстан тамақ жеген адамы ұялғанынан тамақты алуына келіссе де харам болады.

Имам Ғазали «Бақыт формуласы» кітабынан алынды

Бөлісу: