ОРАЛДА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Орал қаласындағы «Батыс Адал-Ет», «Halal Center» қасапханалары және «Tazal» ет дүкендерінде аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, жергілікті маман Асхат Асылбеков орындады.
Аудит барысында өндіріс орындарының шариғат талаптарына сай жұмысы, санитарлық жағдайы, шикізат пен дайын өнім өндірісі, малды қабылдау және қасаптау процестерінің стандарттарға сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, кәсіпорын мамандарына халал стандарттарының жаңартылған талаптары түсіндіріліп, жұмыс барысын жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған кейбр кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеліп, орындалу мерзімдері белгіленді.





