Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қараша 2025

7

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ: МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕМИНАР

Ақтөбе облысы, Алға ауданындағы «Бестамақ» медресе-колледжінің шәкірттеріне шариғаттағы халал және харамның маңызы, азық-түлік өндіру технологиясындағы халал стандартының орны жөнінде семинар өткізілді. Семинарда «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы дәріс оқыды.

«Шариғатта халал мен харам ұғымдары мұсылман өмірінің барлық саласын қамтитын маңызды салалардың бірі. Сондықтан халал талаптарын сақтау – әрбір мұсылман үшін үлкен жауапкершілік», – деді Айбек Асқарбекұлы. 

Шара барысында шәкірттерге халал индустриясының қазіргі даму қарқыны, стандарттау жүйесінің рөлі және өндіріс орындарында талаптардың орындалуын бақылау тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Мамандар халал сертификаттаудың кезеңдерін, өнімнің шариғатқа сай болуына әсер ететін негізгі факторларды, сондай-ақ өндіріс барысында жиі кездесетін тәуекелдер мен олардың алдын алу жолдарын нақты мысалдармен баяндады. Сонымен қатар, дәрісте нарықтағы жалған сертификаттар, тұтынушыларды шатастыру қаупі және оларды анықтау әдістері туралы да сөз қозғалды. Студенттерге халал таңбасының дұрыс қойылу критерийлері, құжаттық тексерістер, ингредиенттерді сараптау және технологиялық процестері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Семинар барысында шәкірттер практикалық сұрақтар қойып, тағам өндірісіндегі нақты жағдайларды мысалға келтіре отырып пікір алмасты. Мамандар олардың болашақта маман ретінде халал талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті.


Бөлісу: