АҚТӨБЕ: «МОЛОЧНЫЕ ИСТОРИИ-А» СҮТ ЗАУЫТЫНДА АУДИТ
Ақтөбе қаласындағы халал стандарты бойынша сертификатталған ірі сүт зауыттарының бірі – «Молочные истории-А» кәсіпорнында кезекті аудит шаралары орындалды. Бақылау-қадағалау жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технологтар Мейіржан Бауыржанұлы және Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.
Аудит барысында сүт өнімдерін өндіру желісінің әр кезеңі – шикізатты қабылдау, сақтау, өңдеу, қаптау және дайын өнімді жөнелту процестері «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты тексерілді. Сондай-ақ, өндіріс аумағының санитарлық жағдайы, құрал-жабдықтардың тазалығы мұқият бағаланды.
Мамандар қызметкерлердің жұмыс тәртібі мен технологиялық нұсқаулықтарды сақтау деңгейін, өндірісте қолданылатын қоспалар мен ингредиенттердің құжаттық растауын қарап, қажет болған тұстар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның жалпы жұмысы қанағаттанарлық деп танылып, белгілі бір бағыттарда жетілдіру бойынша ұсыныстары берілді.




