АҚТАУ: НАУБАЙХАНА МЕН ДӘМХАНА СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтау қаласындағы «Pekava» наубайханасы мен «Қанағат» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы табыстады.
Бақылау-қадағалау шаралары барысында өндіріс орнының шариғат талаптарына, санитарлық тазалыққа және технологиялық процестерге сәйкестігі жан-жақты тексерілді.
Сертификаттау жұмыстары өнімдердің құрамында күмәнді қоспалардың қолданылмауын, шикізат пен дайын өнімдердің бөлек сақталуын, сондай-ақ қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауын қамтыды.
Сонымен қатар объектілердегі құрал-жабдықтардың тазалығы, қойма аймағының талапқа сай ұйымдастырылуы, дайын тағамдардың бөгде өнімдермен араласпауын қамтамасыз ету үрдісі де бақылаудан өтті.
Қабылданған нәтижелерге сүйене отырып, екі нысан да халал талаптарын тұрақты түрде сақтап отырғаны анықталды. Алдағы уақытта да «Халал Даму» мамандары тарапынан кезеңдік мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.