Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 қараша 2025

54

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ: «BALQAIMAQ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Ақтөбедегі «Balqaimaq» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификаттау жұмыстары барысында дәмхананың өндірістік үдерістері, тағам әзірлеу технологиясы, ингредиенттер сапасы және жеткізушілер тізбегі жан-жақты тексерілді. Барлық азық-түліктің халал талаптарына сәйкестігі, әсіресе ет өнімдері мен қосымша қоспалардың құрамы мұқият сарапталды.

Сонымен қатар, асхана бөлімі мен қойма аймағындағы тазалық деңгейі, құрал-жабдықтарды бөлек қолдану тәртібі, қызметкерлердің жеке гигиена талаптарын орындауы да назарға алынды. Дәмхана қызметкерлеріне халал стандарттарының негізгі қағидалары түсіндіріліп, адалдық талаптарын тұрақты сақтау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар берілді.

Аудит нәтижесінде «Balqaimaq» дәмханасының өндірістік процестері мен дайын өнімдері «QMDB Halal» стандартына толық сәйкес келетіні анықталды. Осылайша дәмхана ресми түрде халал сертификатын алып, тұтынушыларға адал әрі қауіпсіз өнім ұсынатын нысандар қатарын толықтырды.

Бөлісу: