АЛМАТЫ: ЕКІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Антисептик» залалсыздандырушы және жуғыш заттар компаниясы мен «Tai Qazan» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды.
Сертификаттау процесі барысында кәсіпорындардағы өндіріс кезеңдері, қолданылатын шикізаттар, қосымша компоненттер және дайын өнімдердің сапасы жан-жақты зерттелді. «Антисептик» залалсыздандырушы және жуғыш заттарды тексеру барысында құрамының халықаралық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігімен қатар, өнімнің адал әрі сенімді болуына басымдық берілді.
Ал «Tai Qazan» дәмханасына жүргізілген аудит кезінде азық-түліктің жеткізілу тізбегі, қоймадағы сақтау шарттары, азық-түлікпен жұмыс істейтін қызметкерлердің гигиена талаптарын сақтау деңгейі, тағам әзірлеу барысындағы тазалық пен адалдық талаптары егжей-тегжейлі қаралды. Дәмхана мәзіріндегі барлық өнімдерге қолданылатын ингредиенттердің халал екені расталды.
Тексеру нәтижесінде екі нысан да «QMDB Halal» стандартының барлық талаптарына толық сай екені анықталып, оларға ресми халал сертификаттары табысталды.
