Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 қараша 2025

24

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ: СПК «АЙБЕК» ҚАСАПХАНАСЫНДА АУДИТ

«QMDB Halal» куәлігін алуға өтініш білдірген Ақтөбе қаласындағы СПК «Айбек» қасапханасында алғашқы аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технологтар Мейіржан Бауыржанұлы және Ақмаржан Ержанқызы орындады.

Аудит барысында қасапхана аумағының жалпы тазалығы, өндірістік бөлмелердің талапқа сай жабдықталуы, су, электр және санитарлық жүйелердің дұрыс жұмыс істеуі тексерілді. Малдың қабылдау алаңы, күтім аймағы және сою процесінің әрбір кезеңі шариғат талаптарына және «QMDB Halal» стандартының техникалық регламентіне сәйкестігі бойынша сарапталды. Сонымен қатар, қолданыстағы құрал-жабдықтардың тазалығықасапхана қызметкерлерінің  малды дұрыс бауыздауы, арнайы киіммен қамтамасыз етілуі секілді талаптардың сақталуы да назарға алынды. 

Тексеру нәтижесінде бірқатар ұсыныстар айтылып, стандарт талаптарына сәйкес  жетілдіру қажет тұстары белгіленді. Қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін мамандар тарапынан қайта бақылау жүргізілетін болады. Толық сәйкестік расталған жағдайда СПК «Айбек» қасапханасына «QMDB Halal» сертификатын беру мәселесі қарастырылады.

Бөлісу: