ПАВЛОДАР: МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕМИНАР
Павлодар облысындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе шәкірттеріне «Халал ас – жан азығы» тақырыбында оқу-семинар өткізілді. Семинар барысында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкіл Серік Темірбай халал ұғымының мән-мағынасы, шариғат талаптарына сай тағам тұтынудың рухани әрі денсаулыққа тигізер пайдасы туралы кеңінен баяндады.
Сондай-ақ дәріс барысында халал стандарттарының талаптары, тағам өнімдерін өндіру мен қоғамдық тамақтану орындарында сақталуы тиіс негізгі қағидалар түсіндірілді. Шәкірттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы толыққанды жауап алды.


