Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 наурыз 2023

73

Жаңалықтар

Павлодар облысы: мекемелерде тексеріс

ҚМДБ «Халал Дамудың» технолог маманы Кабыкенов Нұрбек және Павлодар қаласы бойынша жауапты өкіл Темірғалиев Серік жергілікті мекемелерде айлық тексеріс жұмыстарын өткізуде.

«ҚМДБ халал» сертификатына ие болған «Тағам» асханалар желісі, «PROGAST» тағамдық қоспалары, «АБАЯ» ЖШС ет өңдеу комбинаты, «Turkey PVL» ЖК құс өңдеу комбинаты, «Турсынбаева», «Есенгелді» жеке кәсіпкерлігіне қарасты ет дүкені және Павлодар қаласындағы «Best Milk» cүт фабрикасына арнайы барды.

Кәсіпорындардың халал стандарт талаптарын сақтай отырып өнім өндіруі, өндіріс барысында тек рұқсат етілген өнімдердің қолданылуы қадағаланды. Тексеріс барысында ҚМДБ халал стандарты талаптарын бұзушылық, рұқсат етілмеген өнімдерді қолдану, бекітілген ережелерді сақтамау секілді жағдайлар анықталмады. 


Бөлісу: