Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 қаңтар 2026

23

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ: КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Ақтөбе облысындағы «Milky Land» сүт фабрикасы, «Рамазан құс» фабрикасы, «Спецторг» тағамдық қоспалары, «Рамазан Нан», «Ramazan Elevator» ұн өндірісіне берілген «QMDB Halal» сертификаттары жаңартылды. Бұл кәсіпорындар халал стандарттарына сәйкес өнім шығару процесін үнемі жетілдіріп, сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтті. Сертификат жаңартулары олардың өндірісіндегі барлық кезеңдердің, соның ішінде шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі бақылаудың шариғат талаптарына сәйкес орындалғанын растайды.

Сонымен қатар, бұл кәсіпорындар Қазақстандағы және халықаралық нарықтағы халал өнімдеріне деген сенімділікті арттырып, тұтынушыларға сапалы және сенімді өнім ұсынуға мүмкіндік береді. Сертификат алғаннан кейін кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттары бойынша оқыту семинарларын өткізілді. Алдағы уақытта кәсіпорындардың өндірістік процестері мен дайын өнімдері тұрақты бақылауда болады.

Бөлісу: