АЛМАТЫ: ЕКІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Технология Плюс» және «Biоhayah» кәсіпорындары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Технологтар өндіріс аумағында кешенді аудит жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттар, санитарлық-гигиеналық жағдайы мен дайын өнімдерінің халал талаптарына толықтай сай екендігін растады.
Аудит барысында технологиялық тәртіптің сақталуы, өнім қауіпсіздігі, шикізаттың шығу тегі және құжаттамалардың дұрыстығы жан-жақты тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталып, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен адалдығына кепілдік берілді.
