«ХАЛАЛ ДАМУ» ҰЖЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет етіп келе жатқан «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлын мерекелік медальмен марапатталды. Сондай-ақ, «Халал Дамудың» мамандары Гүлмира Маратқызы мен Ардақ Талғатқызы Бас мүфти алғыс хатымен марапатталып, жылдың «Үздік мамандары» деп танылды.
Аталған мамандар халал стандарттарының талаптарын қатаң сақтау, өндірістік бақылау және аудит жұмыстарын сапалы әрі жүйелі жүргізу, сондай-ақ саладағы жоғары кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі үшін ерекше атап өтілді. Олардың адал еңбегі «Халал Даму» ұйымының қызмет сапасын арттыруға және саланың дамуына елеулі үлес қосуда.
«Бұл марапат – мамандардың еңбегіне берілген жоғары баға әрі алдағы уақытта да нәтижелі жұмыс істеуге үлкен ынталандыру болып табылады», – деп атап өтті Айбек Асқарбекұлы.

