ЖАМБЫЛДАҒЫ ДӘМХАНАЛАР ТЕКСЕРІЛДІ
Жамбыл облысындағы «Abayas», «Chefstar», «Ritm Day», «Nas Global», «Daily Food», «UNITED», «Ckiki-Chiki», «A Plus», «RAF» дәмханалары мен «Ас көп» жартылай фабрикат өндіруші кәсіпорындарда аудит жұмыстары жүргізілді.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндіріс процестері, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі және QMDB Halal стандарттарын сақтау деңгейі тексерілді. Барлық кәсіпорындар көрсетілген талаптарға толық сәйкес жұмыс істеп, тұтынушыларға сапалы және сенімді өнім ұсынуға дайын екендігі расталды.
Тексеріс нәтижесінде кәсіпорындардың аудит талаптарына сәйкестігі анықталып, өндірістік процесстердің қауіпсіздігі мен сапасы расталды, бұл олардың халал стандарттарына толық сәйкес келетінін көрсетеді.



