Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 қараша 2025

15

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ: «АЯН» СҮТ ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ

Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы «Аян» сүт фабрикасында «QMDB Halal» сертификатын жаңарту барысында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Гүлмира Маратқызы мен Амангелді Асқаров орындады.

Тексеру барысында өндіріс цехтарындағы санитариялық-гигиеналық жағдай, шикізат пен қосымша қоспалардың құжаттары, тасымалдау және сақтау талаптары мұқият қаралды. Сонымен қатар, технологиялық процестердің шариғат талаптарына сәйкестігі, жабдықтардың тазалығы және қызметкерлердің халал талаптарын сақтауы бағаланды.

Аудит нәтижесінде анықталған жайттар бойынша фабрика басшылығына тиісті түсіндірмелер беріліп, стандарт талаптарын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар ортаға салынды. Тексеру қорытындысы алдағы уақытта сертификаттың жаңартылуына негіз болады.


Бөлісу: