ЖЕТІСУ: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР
Жетісу облысында аудан-қала имамдарына халалдың маңыздылығы туралы насихат жүргізілді. Кездесу барысында «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мұхаммед Ордыбай шариғаттағы халал-харам ұғымдарының мәнін, халал стандарттарының негізгі талаптарын және өндіріс орындарында халал талаптарының енгізілуі жөнінде жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, өңірдегі қоғамдық тамақтану орындары мен өндіріс нысандарында халал талаптарын дұрыс енгізу, технологиялық процестерді шариғатқа сай жүргізу және стандарт талаптарын орындау мәселелері талқыланды. Имамдар тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, күнделікті қызмет барысында кездесетін жағдайлармен бөлісті.
Жиналған дін қызметкерлеріне жамағатқа дұрыс ақпарат жеткізу, кәсіпкерлермен байланыс орнату және өңірде халал мәдениетін нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізудің қажеттілігі атап өтілді. Шара соңында қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылып, алдағы бірлескен жоспарлар талқыланды.

