Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

20 сентября 2012

365

Новости

ҚМДБ "Халал Даму" директоры Б.Мырзагелдиев "Түлкібас ауданының құрметті азаматы" атанды

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас ғимаратында Түлкібас ауданынан арнайы келген делегаттардың және  ____________ қатысуымен Түлкібас аудандық мәслихатының XXX сессиясының шешімімен ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі, «Халал Даму» ЖШС директоры Б.Мырзагелдиев «Түлкібас ауданының құрметті азаматы»  медалімен марапаттады. «Түлкібас ауданы жастарына білім-біліктілігі, өнегелі тәлім-тәрбиесімен үлгі болып, ауданымыздың мерейін асқақтатып, елімізде дәстүрлі Ислам дінімізді, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің бай мұраларын, адамгершілік құндылықтарын насихаттауға белсене араласқаны, елімізде «Халалдың» дамуына қосып жатқан сүбелі еңбегі үшін» делінген куәлікте. «Отызында орда бұзып, қырқында қамал алды» -деген осы шығар.                                                                                                 ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Поделиться: