Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

07 декабря 2012

164

Новости

Ет-сүйекті жем дегеніміз не?

Ет-сүйекті жем (мясо-костная мука) – мал, құс шаруашылығында кеңінен қолданылатын, жануарлар мен құстардың өлекселерінен, жеуге жарамсыз тағамдардан, ет қалдықтарынан жасалатын ақуызды минералды жем. Шикізатты буда немесе ыстық суда қайнату арқылы өңдеп, кейін кептіріп ұнтақтайды. Бұл жем  (50%) ақуыздан,  (35 %) күлден, (8-12%) майдан, (4-7%) судан тұрады. Ет-сүйекті жемді көбіне құс шаруашылығы, шошқа және жас малдардың жемінде ақуыз балансын арттыру мақсатында қолданады. Қазіргі таңда, әсіресе, құс фабрикаларында ет-сүйекті жемді пайдалану кең тараған. Шариғат таразысына салар болсақ, Аллаһ Тағала Құранда: «Өлексе, сұйық қан, доңыз және Аллаһтан басқаның атымен сойылған жануарларды жеу харам болады». (Әнам 145).   Сондықтан, өлексемен жемделген құс өнімдерін пайдалануға рұқсат етілмейді.

ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Поделиться: