
«AIZA» БАЛМҰЗДАҚТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Aiza» балмұздақ өндірісі «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Орталық Азиядағы ең ірі балмұздақ кәсіпорнында «Халал Дамудың» маманы Амангелді Асқаров аудит жұмыстарын жүргізіп, халал стандарты талаптарының орындалуын қадағалады.
Сертификаттау барысында кәсіпорында қолданылатын шикізаттар, өндіріс құрал-жабдықтары, санитарлық-гигиеналық жағдайлар, сондай-ақ жұмысшылардың халал стандарты талаптарын орындауы мұқият тексерілді. Аудит нәтижесінде «Aiza» балмұздақ өнімдерінің толықтай «QMDB Halal» стандартына сәйкес екені анықталып, кәсіпорынға ресми сертификат табысталды.
«Aiza» кәсіпорнының басшылығы тұтынушыларға сапалы әрі шариғат талаптарына сай өнім ұсынуды басты міндет санайтынын атап өтті. Алдағы уақытта да өндірістің барлық кезеңінде халал талаптарын қатаң сақтай отырып, өнім сапасын арттыруды көздеп отыр.
«Aiza» кәсіпорнының мекен-жайы: Қарағанды қ., С.Мұқванов 49/2. Кәсіпорынға берілген халал сертификаты 03.04.2025-02.04.2026 жж аралығында бір жылға жарамды.