
АЛМАТЫ: БАС ИМАМ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен «Халал – шариғат талабы» атты семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға 20-ға жуық компания өкілдері қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға халал өнім тұтынудың маңыздылығы жан-жақты түсіндіріліп, шариғат талаптары негізінде дайындалған өнімдердің ерекшеліктері айтылды. Шара аясында компанияларға «Бабалар ізімен» және «Халал – шариғат талабы» кітаптары, сондай-ақ тағамдық қоспалар туралы жазылған анықтамалықтар сыйға тартылды.
Қатысушылар семинардың пайдалы болғанын айтып, көптеген жаңа ақпарат алғандарын жеткізді. Бұл шара халал индустриясына қызығушылық танытқан кәсіпкерлер үшін маңызды тәжірибе алаңы болды.