Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

23 апреля 2025

94

Новости

АЛМАТЫ: ИМАМДАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ СЕМИНАР

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Алматы қаласына іс-сапары барысында «Нұр-Мүбәрак» университеті студенттері мен «Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының» қатысушыларына халал жөнінде семинар өткізді. Семинарға Алматы қаласының бас имам Төлеби Оспан, технолог Әселхан Сәбитқызы да қатысты.

Семинар барысында Айбек Асқарбекұлы халал индустриясының дамуы, оның стандарттары мен талаптары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ, қатысушыларға халал сертификаттаудың маңыздылығын, өндіріс пен қызмет көрсету салаларында шариғатқа сай талаптарды сақтаудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, технолог Әселхан Сәбитқызы тағам өндірісіндегі халал талаптарын практикалық тұрғыдан баяндап, студенттер мен имамдардың сұрақтарына жауап берді. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы семинар барысында халал саласының дін мен қоғамдағы рөліне тоқталып, имамдар мен болашақ теолог мамандарды бұл бағытта білімін арттыруға шақырды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, халал индустриясына қатысты білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Шара аясында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен университет басшылығы өзара ынтымақтастықты нығайту, халал бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Іс-шара қатысушыларға үлкен серпін беріп, халал саласына деген қызығушылықтарын арттырды.

Поделиться: