
АШЫТҚЫ ҚОСЫЛҒАН НАНДЫ ЖЕУГЕ БОЛА МА?!
Ашытқылар (дрожжи) — микроорганизмдер, олар қантты ферменттеп, спирт пен көмірқышқыл газын өндіреді. Бұл процесс ашыту деп аталады. Ашытқылар көбіне сірне (меласса), ұн, картоп немесе басқа да қантты шикізаттардан жасалады. Сірне — қант қамысынан (сахарный тростник) немесе қант қызылшасынан алынатын қалдық өнім, ол қанттың өте жоғары концентрациясына ие. Ашытқы осы қантты пайдаланып этанолды (алкоголь) өндіреді. Алайда, спирттің мөлшері өте аз болғандықтан, оны әдетте адам ағзасы сезбейді.
⠀
Ашытқының алкоголь өндіру процесі:
Ашытқылар қантты этанолға және көмірқышқыл газына айналдырады. Бірақ спирттің бұл мөлшері тек аз ғана уақыт ішінде пайда болып, пісіру процесінде немесе ашыту кезінде ұшып кетеді. Нан пісіру кезінде спирттің ұшып кетуі дәлелденген ғылыми факт болып табылады. Мысалы, 2013 жылғы зерттеулерге сәйкес, нанды пісіргенде оның құрамындағы этанолдың мөлшері 0,2%-дан аспайды, және бұл ағзаға әсер етпейді. Нан пісіргеннен кейін, қалған спирт ұшып кетеді, сондықтан оның тағам ретінде тұтынуында ешқандай діни немесе денсаулыққа қатысты қауіп жоқ.
⠀
Белгілі алкоголь мөлшері ашыған айранда да болады, сондықтан да білетіндер көлік жүргізушілерге жолға шығар кезде айран ішпеуді кеңес етеді, өйткені алкотестер құралы сіздің ішімдік ішкеніңізді көрсетуі мүмкін. Және де белгілі алкоголь мөлшері алмада да, жүзімде, нанда да болатындығы анықталған. Сондықтан да, ашығаннан құрамында алкоголь пайда болған әр азық түрі харам бола бермейді. Ендеше, «дрожжи» деп атап жүрген ашытқыларды қолданудың діни тұрғыда ағаттығы жоқ деуге негіз бар және ашытқы қосылған нанды жеуге болады, оның үстіне нанды пісіру кезінде спирттің ұшып кететіндігі де белгілі. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
⠀
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!