Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

04 июня 2025

27

Новости

АЛМАТЫ ОБЛ.: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕМИНАР

Алматы облысы, Қапшағай қаласында жергілікті кәсіпкерлерге арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында танымдық семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіп иелеріне халал өнім өндірудің маңыздылығын түсіндіру, шариғат талаптарына сай жұмыс жүргізудің ережелерімен таныстыру және халал индустриясындағы жаңашылдықтар мен стандарттарды кеңінен насихаттау болды.

Семинарға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Ахметбекұлы, сондай-ақ технолог мамандар Әселхан Сәбитқызы мен Жансая Шалқарқызы қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Шара барысында халал өнім өндірісіндегі негізгі қағидалар, шикізат таңдаудағы жауапкершілік, тағам өндіру мен қызмет көрсету барысында шариғат талаптарының сақталуы, халал стандарттарының құрылымы және сертификаттаудың кезеңдері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, тәжірибелік ұсыныстар ұсынылды. Сондай-ақ, семинар соңында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталып, қатысушыларға арнайы әдістемелік құралдар таратылды. 

Поделиться: