Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

04 июня 2025

24

Новости

СҚО: ҚАСАПШЫ КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында қасапшыларды даярлау және халал талаптарын түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында қасапшы Нияз Айтпайұлы «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша арнайы оқытудан өтіп, қасапшы куәлігіне ие болды. Бұл құжат қасапшының халал талаптарына сай мал бауыздау ісіне рұқсатты бар екенін және тиісті білім алғанын білдіреді.

«Осындай семинарлар мен куәлік беру шаралары халал индустриясындағы кәсіби жауапкершілікті арттырып, тұтынушы сенімін нығайтуға үлкен үлес қосады», – дейді жергілікті маманымыз.

Поделиться: