Аудит барысында өндірістік үдерістердің халал талаптарына сәйкестігі, шикізаттың шығу тегі, құжаттамалардың дұрыс жүргізілуі, санитарлық-гигиеналық жағдайы және технологиялық тәртіптің сақталуы жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған ескертулер мен ұсыныстар фабрика басшылығына жеткізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынның халал талаптарын орындау деңгейі бағаланып, алдағы уақытта стандарттарды одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар берілді.


