
АЛМАТЫ ОБЛ.: ҚҰРБАН АЙТҚА СЕМИНАР
Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы «Жуса ата» мешітінде жергілікті имамдар мен мешіт қызметкерлеріне арнап арнайы семинар ұйымдастырылды.
⠀
Семинар барысында Құрбан айтқа қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, құрбандық шалудың шариғи үкімдері, малдың жас ерекшеліктері мен денсаулығына қойылатын талаптар, дұрыс ниет ету, сою тәртібі, етті үлестіру ережелері және заманауи жағдайда құрбан шалуда туындайтын сұрақтарға кеңінен түсініктеме берілді.
Шараның мақсаты — имамдардың білімін жетілдіріп, жамағатқа Құрбан айт құлшылығы туралы нақты әрі дұрыс мәлімет жеткізуге ықпал ету болды. Семинар соңында қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан жауап алды.