Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 июля 2024

495

Новости

ҚАРАҒАНДЫ: КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды қаласындағы «Эталон» ұн өндірісі мен «Батыр» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

«Кәсіпорындарды сертификаттау барысында кәсіпорындардағы өнімнің өндірілуінен бастап, дүкен сөрелеріне жеткізуіне дейінгі барлық процесс толықтай тексерілді. Дайын өнімдердің сақталуы, тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдардың халал стандартқа сәйкестігі, сату алаңдарында бірыңғай халал өнімдердің орналасуы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері де назардан тыс қалмады. Аудит нәтижесі бойынша, кәсіпорындардың шариғатқа сай, халал өнім өндіретіні анықталды. Технолог және шариғат мамандарының оң қорытындысынан кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», - дейді өкіліміз.

Поделиться: