
АТЫРАУДА АЙЛЫҚ АУДИТ
Атырау облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау барысында қоғамдық тамақтану орындары, ет дүкендері, фаст-фуд желілері, кондитерлік және шұжық цехтары, сүт фабрикалары тексерілді. Тексеріс шараларын «Халал Даму» технологы Мейіржан Бауыржанұлы мен жергілікті өкіл Ақылбек Амангелдиев орындады.
Аудит барысында кәсіпорындардың «QMDB Halal» стандартына сәйкестігі жан-жақты зерделеніп, өндірістік цехтарда санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, шикізат пен дайын өнімдердің құрамы, тасымалдау және сақтау шарттары қатаң бақылауға алынды.
Сондай-ақ, қызметкерлердің халал талаптары бойынша білім деңгейі тексеріліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын басшыларына өнімнің халалдығын сақтау бойынша бірқатар ұсыныстар мен ескертулер берілді.