
ТҮРКІСТАН: АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жүргізілуде. Аудит барысында қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд желілері, кондитерлік цехтар, қасапханалар т.б өндіріс орындары тексерілуде. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкіл Мұстафа Қалжанұлы, Нұрлан Дәрмешұлы орындады.
Тексеріс барысында өндірісте қолданылатын шикізат пен қосалқы қоспалардың құрамына, сақтау жағдайларына, құрал-жабдықтардың тазалығы мен өндірістік процестің шариғат талаптарына сәйкестігіне баса назар аударылды. Сонымен қатар, өндіріс тазалығы мен санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау деңгейі де бақылауға алынды.
Аудит нәтижесінде бірқатар нысандардың халал стандартына сай қызмет етіп жатқаны анықталса, кейбір кәсіпорындарға ескерту беріліп, тиісті түзету жұмыстарын жүргізу тапсырылды.