Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

22 октября 2025

29

Новости

«ӘБУ ХАНИФА» МЕДРЕСЕСІНДЕ СЕМИНАР

Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледждің студенттеріне «Халал ас – жан азығы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен медресе директоры Құлмұхаммед Маханбет, Алматы орталық мешітінің найб имамы Бекзат Оқапұлы дәріс оқыды.

Семинар барысында қатысушыларға халал ұғымының мәні мен маңызы, тағам мен тұрмыстық өнімдердің шариғат талаптарына сай болуы, сондай-ақ халал индустриясының еліміздегі даму бағыттары түсіндірілді.

Семинар барысында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал стандарттау және сертификаттау жүйесі туралы кеңінен ақпарат берді. Ол «QMDB Halal» стандартының негізгі талаптары мен құрылымын түсіндіріп, өнімнің шикізаттан бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі барлық кезеңі қатаң бақылауда болатынын атап өтті. 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы жастарға адал ас тұтынудың рухани және денсаулық тұрғысынан маңызын атап өтті. Өз кезегінде медресе директоры Құлмұхаммед Маханбет студенттерге осындай тағылымды кездесулердің олардың діни және қоғамдық көзқарасын қалыптастырудағы рөлін айтты. Алматы орталық мешітінің найб имамы Бекзат Оқапұлы күнделікті өмірде халал қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, нақты мысалдар арқылы түсіндіріп өтті.

Семинар соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.

 

 

Поделиться: