БҚО: МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕМИНАР
Батыс Қазақстан облысы, Орал медресе-колледжінің шәкірттеріне шариғаттағы халал және харам ұғымдарының маңызы, халал стандарт талаптары мен азық-түлік технологиясы, халал азық-түлік таңдау қағидалары жөнінде семинар өткізілді. Семинарда «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы және технолог Мейіржан Бауыржанұлы дәріс оқыды.
Шара барысында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал индустриясының дамуы, стандарттау жүйесіндегі негізгі талаптар және өндіріс орындарындағы қадағалау жұмыстарының ерекшеліктері жайлы айтып өтті. Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы шәкірттерге халал мен харамның діни негіздерін, мұсылман тұтынушысының жауапкершілігін түсіндірді. Ал технолог Мейіржан Бауыржанұлы тағам қауіпсіздігі, өндіріс процесіндегі критикалық нүктелер және халал бақылаудың технологиялық қырларын практикалық мысалдармен жеткізді.
Семинар соңында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күнделікті тұрмыста халал өнімді таңдаудың тиімді әдістері мен күмәнді азық-түлікті анықтау жолдарын талқылады.



