Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

21 ноября 2025

16

Новости

ОРАЛДАҒЫ ДӘМХАНАЛАР ТЕКСЕРІЛДІ

Орал қаласындағы дәмханаларда айлық жоспарға сәйкес кезекті аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары өндіріс процесінің әр кезеңін жіті тексеру арқылы орындады.

Аудит барысында дәмханалардың шикізат қабылдау тәртібі, ет өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігі, тағам дайындау аймағындағы санитарлық тазалық, құрал-жабдықтардың бөлінуі, қызметкерлердің гигиеналық талаптарды сақтау деңгейі және қосымша ингредиенттердің құрамы тексерілді.

Сонымен қатар, мамандар қоқыс шығару жүйесін, тоңазытқыштағы өнімдердің сақталу мерзімін, тағамдарды араластырмау қағидаларын және айқындаушы құжаттардың дұрыстығын да бақылаудан өткізді.

Тексеру нәтижелері бойынша дәмхана иелеріне бірқатар ұсыныстар беріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Поделиться: