Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

11 октября 2024

108

Новости

«ХАЛАЛ ДАМУ» МАМАНДАРЫ ҚЫРҒЫЗСТАНДА

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен Қырғызстанға арнайы іссапармен барған «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қырғызстан мүфтиятының тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесуге Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» бөлімінің басшысы Бахтияр Тоқтағазыұлы, «Халал Даму» технологы Мейіржан Бауыржанұлы қатысты.

Басқосуда күллі мұсылманға ортақ «халал» мәселесін халыққа насихаттау, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті халал өнім өндіруші кәсіпорындар санын арттыру, екі елдің халал стандарттау және сертификаттау жүйесінде өзара тәжірибе алмасу, мамандардың білімін жетілдіру, тұтынушылар арасында «халал» таңбасына деген сенімділікті қалыптастыру, т.б. мәселелері талқыланып, бауырлас елдердің ортақ мүдде мен мақсат үшін бірлесіп қызмет етудің маңыздылығына тоқталды.

«Біздің дәстүріміз бен дініміз, мәзһабымыз бен мәдениетіміз бір. Ортақ құндылықтарымыз көп. Қазақстан мен Қырғызстанның Діни басқармалары әрдайым өзара ынтымақтасып жұмыс жасап келеді. Сіз бен біздің мақсатымыз – халал индустриясы саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, екі ел нарығында халал өнімдерді арттырып, тұтынушыларды адал өніммен қамтамасыз ету», – деп деген Айбек Асқарбекұлы Қырғызстандық әріптестерге халал стандарттау және сертификаттау бағыты бойынша 10 жылдық тәжірибемен бөлісіп, кәсіби көмек көрсететінін жеткізді.

Қырғызстандық тарап, өз елдерінде «Халал Даму» тәжірибесі негізінде халал стандарттау және сертификаттау саласын жетілдіретінін жеткізіп, ресми сапармен арнайы келген «Халал Даму» мамандарына алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Халал Даму» мамандарының Қырғызстанға сапары барысында өңірдегі кәсіпорындарда аудит жүргізіліп, ТМД бойынша ең ірі «Куликовский» кәсіпорны сертификатталды.

Поделиться: