Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

16 октября 2024

56

Новости

АҚМОЛАДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Данияр Бақзейнелұлы мен жергілікті жауапты өкіл Науан Муталов Көкшетау қаласы, Бурабай және Щучинск аудандарындағы кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізді.

Аудит барысында, «Tary» мейрамханасы, «Достар», «Центр плова», «Аль Баракат», «Royal», «Ас болсын» дәмханалары тексерілді. «Аудит қорытындысы бойынша, шариғат шарттары мен халал стандарты ережелерін бұзу жағдайлары тіркелмеді. Десе де кәсіпорында бекітілген стандарт талаптарының орындалуын бұдан әрі жақсарту мақсатында ескерту жасалынды. Алдағы уақытта ескертулердің жүзеге асуы бақыланады», – дейді маманымыз.

Сонымен қатар, облыстағы орталық мешітте мешіт жамағатына халал турасында оқу-семинар өткізілді.



Поделиться: