Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 июля 2024

435

Новости

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҰЗЫН ФИЛАДЕЛЬФИЯ

Әлемдегі ең ұзын филадельфия суши-роллды «Халал Даму» қолдауымен «Okadzaki» мейрамханалар желісі дайындады. Рекордтық тағам 6 шілдеде елорда күніне орай Астанадағы «Бірінші Президент» саябағында дайындалды.

Бұл нәтижеге жету үшін 500-ден астам кәсіби аспаз тартылып, 1000 кг астам лосось пен күріш, 500 кг сүзбе ірімшік және 2000-ға жуық нори пайдаланылды. Жалпы салмағы 2,5 тонна, ал ұзындығы 200 метр 78 сантиметрді құрады. Барлық өнімдер тек халал стандарттарына сәйкес әзірленді.

Іс-шараны Қазақстанның рекордтар кітабының өкілдері қадағалап, процестің әрбір кезеңін құжаттап, жазбаны ресми түрде тіркеді. Бұл нәтижені Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері де растайды деп күтілуде.

Поделиться: